Сөздәйектер галереясы
Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.
В.А.Сухомлинский
Студенттеріміздің жаңа жеңістері
Қозыбаев университетінің студенттері Алуа Бекбаулова (ТжӘИ) және Гүлзада Сейдікәрім (МЖҒФ) «Қазақстанның үздік студенті» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бағдарламалық мақаласындығы ұлттық құндылықтарды ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Марапаттау рәсімі 30 қазанда Астана қаласының Ұлттық музейінде өтті.
Байқау қорытындысы бойынша біздің білім алушылар І дәрежелі дипломдар мен «Үздік студент» атағын алды. Сондай-ақ, төсбелгі мен кәдесыйлар табысталды. Шын жүректен құттықтаймыз!
01.11.2024
