Сөздәйектер галереясы
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.
К.Д.Ушинский
Студенттер мұражайдың аумағын қардан тазалады
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қозыбаев университетінің студенттері университет мұражайының ауласын тазалады. Бұл тарихи ғимарат– 1918 жылы салынған ескерткіш - «Көпес Светлинскийдің үйі». Университет оған іргелес аумақты тиісті жағдайда мұқият бақылайды. Бұл жолы студенттер шамамен 30 куб қар тазалады. Акцияға барлық факультеттердің білім алушылары қатысты
28.11.2024
