"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Студенттер эко-ыдыс жасап шығарды

«National Consrevation Initiative» корпоративтік қоры Назарбаев Университетімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Sustainability Living Lab» бағдарламасы аясында, ғалымдарымыз «EcoWare» жобасын іске асыру үшін қаржы алды.Азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушысы Елена Иль және студенттер Алина Гуленко мен Данил Зенин бидай дәндерінен эко-ыдыс әзірледі.

Жоба экологиялық қауіпсіз шешімдерді ілгерілетуге, Қозыбаев университетінің кампусында пластик және қағаз қалдықтарын азайтуға бағытталған.Біздің эко ыдыстарымыз бактериялар мен ылғалдың әсерінен ыдырайды, бұл кәдеге жаратуға жіберілетін қалдықтардың мөлшерін азайтады. Тамақ ретінде пайдаланған кезде жануарларға, жәндіктерге немесе құстарға зиян келтірмейді. Дәстүрлі пластмасса өндірісінде қолданылатын мұнай өнімдеріне тәуелділікті азайтады.

15.01.2025