Оқу ордамызға жетекші әлемдік білім беру мекемелерінде және ғылыми орталықтарда қызмет жасайтын, тәжірибесі мол шетелдік оқытушылар тартылады. Біздің университетте осындай мамандардың арқасында, студенттер академиялық ортаға бейімделеді.
Осы аптада түрік профессоры, PhD доктор Джелал Чекенді қарсы алдық. Оның Түркиядағы Коджаэли және Сакарьи университеттерінде, сондай-ақ Оңтүстік Флорида университетінде (АҚШ) қызмет тәжірибесі мол. Алдағы уақытта семестр бойы студенттерге Халықаралық кампуста Аризона университетімен бірге жүзеге асырылатын IT бағытының қос дипломдық бағдарламалары бойынша сабақ береді. Ғалым ұстаздық қызметімен қатар, ғылыми жұмыстарға белсене араласады.
Ол қауіпсіз бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және сымсыз желілер бойынша зерттеулерге қатысты. Профессор Чекеннің халықаралық журналдарда (Computer Networks, Wireless Personal Communications және Journal of Medical and Biological Engineering) көптеген мақалалары жарияланған. Оның Хирш -индексі 13 құрайды. Профессор нақты уақыттағы деректерді талдау және смарт ғимараттардағы энергияны басқаруды зерттейтін бірқатар ірі ғылыми жобаларды басқарды. Университетімізде де солтүстікқазақстандық ғалымдармен бірлескен ғылыми жұмыстар жалғасын табады.