Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Freedom Шапағат шәкіртақы иегерлері

Университетіміздің 5 студенті «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының жыл сайынғы шәкіртақысына ие болды. Бұл серіктестер арасындағы екіжақты келісімнің арқасында жүзеге асады. Шәкіртақы конкурстық негізде 2-5 курстарда оқу үлгерімдері «жақсы» және «өте жақсы» бағаларға (GPA кемінде 3,4) сәйкес келетін студенттерге берілді. Қаржы, математика, ақпараттық технологиялар, тіл білімі салаларындағы ғылыми-практикалық жұмыстар да назарға алынды. «Біздің өзара ынтымақтастығымыздың маңызды бағыттарының бірі студенттерді әлеуметтік қолдау болып табылады.

Бұл бағытты белсенді түрде дамытып келеміз. Міне, биыл осындай жобаны жүзеге асырдық. Бастапқыда Freedom Bank-нің 15 гранты берілді. Ал екінші кезең-шәкіртақы.Біз бұл бағытты әрі қарай дамытып, студенттерімізге қолдау көрсететін боламыз», - деп атап өтті Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі Азамат Жікеев.

Комиссия оқудың барлық кезеңінде ең жоғары жетістіктері бар студенттердің тізімін анықтады. Сонымен, ай сайынғы 52 083 теңге көлеміндегі шәкіртақыны ТЭҚФ, ТжӘИ және ИСТФ студенттері алды:
1. Полина Белоусова
2. Дариға Смаилова
3. Әділ Амангелді
4. Виолетта Крутикова
5. Гүлжан Есілбаева.

Құттықтаймыз! «Freedom Шапағат»Қорына алғыс айтамыз!

27.01.2025