Қозыбаев университетінде білім алғысы келетін жастардың қатарын арттыру мақсатында бір апта бойы Ашық есік күні өтеді. Алғашқы күні университетке иновациялық мектептер мен лицей-гимназиялардың 10-11 сынып оқушылары, жалпы 370-ке жуық талапкер жиналды. Болашақ студенттер ЖОО-ның және Аризона университетінің білім беру бағдарламаларымен, инфрақұрылымымен танысып, факультеттер туралы қажетті ақпарат алды: оқу бағыттары, қос диплом алу мүмкіндіктері. Биыл университетте ашылған жатақханаларды таныстыру мақсатында экскурсиялық автобус ұйымдастырылды.
Университеттің халықаралық кампусы шетелдік және жергілікті профессорлармен білім беру мәселесін талқылады және келесі жылы Тусонға (АҚШ) семестрге баратын үшінші курс студенттерімен әңгімелесті. Шарада университеттің факультеттері, үйірмелер, клубтар мен бірлестіктер, жастармен кездесіп, университеттің жетістіктерімен таныстырды. Түлектерге университетке деген өздерінің ізгі тілектері мен ұсыныстарын жазып қалдыруға мүмкіндік жасалды.
Ашық есік шарасы одан әрі жаңа корпустағы зертханаларда жалғасты. Кейін талапкерлер үшін кофе-брейк жасалып, әртүрлі байқаулар мен қызықты ойындар өткізілді. Кеш қатысушылары спорттық жарыстарда өз күштерін сынады. Ал біздің студенттік ұйымдар жиналған қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Мәселен, білім алушылар шағын байқауларға қатысып, университет серіктестерінің сыйлықтарына ие болды.
Іс-шараға қатысушылар арасында университетке шолу жасау бойынша байқау жарияланды. Бас жүлде – iPhone 16 Pro. «Халықтық» шолу үшін (ең көп лайк жинаған)– «Алиса» станциясын, ең креативті шолу үшін – сымсыз құлаққаптар беріледі. Ашық есік күнінде QR код арқылы тіркеліп, Instagram немесе TikTok парақшаларында тиісті контент түсіріп, #kozybayevuniversity жариялау арқылы мектеп оқушылары қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді студенттер қауымы 7 ақпан күні сағат 15:00-де университеттің ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде анықтайды. Қатысыңыздар! Қозыбаев университетінің үлкен ұжымы, сіздерді күтеді!