Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Абай Құнанбаев
Біздің чемпион
Танымал спортшымыз Ербол Хамитов халықаралық турнирдің жүлдегері атанды!
Бұл жолы «спринт» бойынша парабиатлоннан әлем кубогының 2 күміс жүлдесіне ие болды. Жарыс Италияда өтіп, оған әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар жиналды.
Педагогикалық факультеттің ФКС-22-3 студенті, ҚР құрама командасының мүшесі, Ербол Хамитов, бірнеше рет халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді.
Ерболды күміс медальмен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз! Біздің мақтанышымыз!
30.01.2025
