Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Шетелдік ЖОО филиалдарының көрмелеріне келіңіздер!

Қозыбаев университетінің командасы ҚР ҒЖБМ ұйымдастыратын шетелдік университеттер филиалдарының көрмелеріне қатысады. Еліміздің мектеп оқушыларын, Қазақстанда шетелдік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында ауқымды шаралар өткізіледі.

Алғашқы көрме 29 қаңтарда Қарағандыда өтіп, оған 10-11 сыныптардың 1000-ға жуық оқушылары жиналды. Әрі қарай, біздің команда, Астана мектептерінің оқушыларына Аризона университетінің микрокампусын таныстырды (3000-ға жуық оқушы ақпарат алды). Көрмеде оқушылар,әсіресе,  Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің қос дипломдық бағдарламаларына қызығушылық танытты.

Келесі шаралар Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларында өтеді. Біз Қозыбаев университетінде білім алу туралы, сондай-ақ, Аризона университетімен серіктестігіміздің арқасында ашылатын мүмкіндіктермен таныстыру үшін болашақ студенттермен кездесуді асыға күтеміз!

03.02.2025