Университетімізде әлемнің 16 елінен 164 шетелдік студент білім алады. СҚО полиция департаментінің қызметкерлері оларға көші-қон заңнамасы және қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық дәріс ұйымдастырды.
Баяндамашылар жастар арасындағы құқық бұзушылық тақырыбына ерекше назар аударды. Білім алушыларға есірткінің заңсыз айналымы, интернет-алаяқтық және басқа да қылмыстарға қатысудың салдары туралы айтылды. Есірткі тасымалы,олардың интернеттегі жарнамасы, «допер» және «курьер» ретінде заңсыз схемаларға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, көші-қон қызметінің өкілдері, шетелдік студенттерге ,ҚР-ға келу ережелерін, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.