Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Полиция қызметкерлері студенттерге көші қон заңнамасы мен қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді

Университетімізде әлемнің 16 елінен 164 шетелдік студент білім алады. СҚО  полиция департаментінің қызметкерлері оларға көші-қон заңнамасы және қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық дәріс ұйымдастырды.

Баяндамашылар жастар арасындағы құқық бұзушылық тақырыбына ерекше назар аударды. Білім алушыларға есірткінің заңсыз айналымы, интернет-алаяқтық және басқа да қылмыстарға қатысудың салдары туралы айтылды. Есірткі тасымалы,олардың интернеттегі жарнамасы, «допер» және «курьер» ретінде заңсыз схемаларға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, көші-қон қызметінің өкілдері, шетелдік студенттерге ,ҚР-ға келу ережелерін, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.

04.02.2025