Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінің қатарына қосыл: Қызылжар ауданының талапкерлерімен кездесу

Дәстүрлі түрде еліміздің ірі қалалары мен СҚО аудандарына кәсіптік бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылады. ЖОО-ның бағдарлау науқаны аясында, көптеген талапкерлер біздің университеттің қызметімен, білім беру бағдарламаларымен танысты.

Бұл жолы оқу ордамыздың ұжымы СҚО Қызылжар ауданы мектептерінің түлектерімен кездесті. Бескөл Мәдениет үйінде 10-11 сыныптан 100-ге жуық түлек жиналды. Қабылдау кеңсесінің мамандары, грант пен оқуға түсу шарттарын,  Аризона университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларын ұсынды. Талапкерлерге университетіміз туралы ақпараттық материалдар таратылды. ЖОО студенттері оқушыларға концерттік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін көрсетті.
Кездесу соңында талапкерлер ЖОО-ға түсуге өтінімдерін қалдырды. Енді Қозыбаев университетінде күтеміз!

06.02.2025