Оқу ордамыз бен СҚО прокуратурасы арасында тығыз өзара ынтымақтастық қалыптасқан. Жасалған меморандум аясында заң мамандығының студенттері құқық қорғау органдарында өндірістік оқудан өтеді. Прокуратураның басшы қызметкерлері дәрістер оқиды және студенттердің дипломдық жұмыстарын қабылдау комиссияларының құрамына кіреді. СҚУ қабырғасында «Болашақ прокурор кеңестігі» бұрышы ашылды. Бұл кеңістік, алдағы уақытта білікті заңгерлерді дайындауға мүмкіндік береді.
Арнайы бұрышта ҚР құқық қорғау жүйесінің қалыптасу тарихы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі басылымдар жинақталған. Осы орайда, ҚР Бас прокуратурасы Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы, прокуратура қызметкерлері мен Қозыбаев университетінің басшылық құрамы заң факультетінің студенттерімен кездесті.
ҚР Бас прокуратурасы Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Ернұр Уәли Прокуратура органдарына қызметке тұруға үміткерлердің саны жылдан жылға артып келетінін атап өтті: «Қозыбаев университеті білікті кадрлар дайындап келе жатқан алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі деп білеміз. Біздің қатарымыздағы бас прокуратурада жалпы, 90-ға жуық қызметкер сіздердің түлектеріңіз. Болашақта қадағалау саласын көркейтуге бірге атсалысуға шақырамын. Прокуратура әдебиеттері қойылған арнайы кеңістік ашқаныңыз үшін ризамыз. Ал студенттер мүмкіндікті пайдаланып, мамандық туралы, кеңінен білу үшін, білімдерін жетілдіріп отырса деймін. Алдағы уақытта, қосымша әдебиеттер мен әдістемелік құралдарды жібереміз».