Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы, «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында еліміздің бес жетекші университетімен бірлесіп, жастарға және қаланың барлық тұрғындарына арналған «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесін ұйымдастырады. «Дармарка» - бұл тегін жәрмеңке. Қатысушылар пайдаланбайтын заттарды әкеліп, орнына өздеріне ұнаған кез-келген нәрсені алуға мүмкіндіктері бар. Шара оқу ордамызда 10-12 ақпан аралығында өтеді. Кітаптар, ойыншықтар және т.б. 10:00-ден 17:00-ге дейін 2-ші корпус, 330 аудитория мекен-жайы бойынша қабылданады.
«Дармарка» жаңа тауарларды өндіру, орау және жеткізу шығындарын азайтуға көмектеседі. Халықтың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.