"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбиелеушінің өзі - ақылдың, үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс.

М.П.Драгоманов

Диплом табыстау рәсімі

ЖОО-да қаңтар айында оқуларын бастаған магистратура түлектеріне диплом табысталды.Қозыбаев университетінде мамандандырылған магистратураны ашу туралы бастаманы ҚР ҒЖБМ  қолдап, гранттар бөлді. Бұл жолы «Робототехника, интеллектуалды жүйелер және аспап жасау» бб бағдарламасы бойынша үш білім алушы оқуларын бітірді.

Олардың барлығы да қызметте жүрген мамандар. Сондай-ақ, бұл күні ғылыми-педагогикалық бағыттағы түлектер диплом алды. Магистратураны барлығы 19 адам бітірді. Түлектер негізгі жұмыстарын оқумен ұштастырып, жоғары білім алуға мүмкіндік бергені үшін Қозыбаев университетінің ұжымына алғыстарын білдірді.

11.02.2025