ЖРН АР 19676219 "Солтүстік Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекаралас аудандарының топонимикалық ландшафтын интегралды зерттеу" тақырыбында гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы екі куәлік алынды.Құжаттар "Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік топонимикалық сөздігіне" және "Солтүстік Қазақстан облысының топонимикасы бойынша физика-географиялық карталар жинағына" авторлық құқықты растайды. Бұл нәтижелерге зерттеу тобының мүшелері М. Е. Какимова, П. С. Дмитриев, И. А. Фомина, Н.А. Габдулина ғылыми жобаның жетекшісі Е. В. Сабиеваның басшылығымен нақты және үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізген жетістік деп санаймыз.