Қозыбаев университетінің Психологиялық қызметі студенттермен тығыз жұмыс жасайды. Осы апатада «Есірткіге қарсы болашақ үшін» тақырыбы аясында 1-4 курс студенттерімен дәстүрлі кездесуде есірткіні қолдану мен таратудың құқықтық аспектілері туралы айтылды.
Іс-шара спикерлері ретінде медициналық ұйым мамандары мен ПД қызметкерлері және қаламыздың Облыстық Маслихат Депутаты шақырылды.
Тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңсыз айналымы саласындағы әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша СҚО жасөспірімдермен 48 қылмыс жасалса, оның басым бөлігі мүліктік қылмыстар. Заңды білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайтынын ескертемін, сондықтан заңнамамен танысып, заңға қайшы әрекеттерге бармау маңызды», - деп атады СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Нарлан Жұмабаев.
Мамандар жастарға тыйым салынған заттардың қауіптілігі туралы ескертіп, студенттерді есірткінің қоршаған ортаға таралуы мен пайдалану проблемасына бей-жай қарамауға шақырды.
Білім алушылар назарына «Закладчики. Расплата» атты деректі фильмі ұсынылды. Онда қаламыздың жастарын есірткі айналымы мен тұтынуға тартудың өзекті мәселесі айқындалған. Фильмде оңай жолмен ақша тауып, темір тордың ар жағында қалған жастардың шынайы оқиғалары көрсетіледі. Бұл жастар арасында, бүгінде қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткінің заңсыз айналымына тарту проблемаларын, Психоактивті белсенді заттардың қолданылуы мен таралуын алдын алу мәселесін ашуға көмектеседі.
Фильм авторы есірткі сатудың неге әкеліп соқтыратыны жайында мысалдар келтірді.