Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Төрт аяқты қаһармандар: қызметтік иттер есірткіге қарсы күресте қалай көмектеседі

«Ит адамның досы» деп бекер айтпаған. Бүгін университетіміздің студенттері төрт аяқты достарымызды жұмыс орнында бақылауға мүмкіндік алды. Кинолог-мамандар иттерді қызметтен тыс уақытта досына, ал қызмет барысында ажырамас серігіне айналдырған. Маман иелері қызметтік иттердің көмегімен есірткі заттарын табу барысын көрсетті. Кездесудің қызықты әрі танымды кезеңінде, студенттер назарына полицейлердің сенімді серіктері Белла мен  Грета үшін арнайы оқу курсының дағдылары ұсынылды. Олар жаттығуларды орындау және қылмыстық шабуылдардан қорғану бойынша жалпы бастапқы дайындықты көрсетті. Тәжірибелі кинологтардың айтуынша, көмекшілер заңсыз заттарды табуға, жедел-іздестіру іс-шараларына қатысады. Иттердің мінез-құлқын түсіну және олармен тіл табысу маңызды. 

«Қазақстан Республикасында есірткі бизнесінің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шараларды жетілдіру» практикалық семинарына СҚО ПД қызметкерлері мен кинологиялық қызметінің жедел уәкілдері қатыстыПД өкілдері, жастармен ашық диалог жүргізді. СҚО бойынша есірткіге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова есірткінің заңсыз айналымының алдын алу, жастар арасында нашақорлыққа қарсы түсінік қалыптастыру, студенттерге есірткі саудасының қылмыстық жауапкершілігі туралы айтты. Осындай маңызды шаралар жастардың құқықтық сауатын арттыруға, СӨС ұстануға және қоғамдағы есірткі мәселесіне қарсы күреске белсенді атсалысуына ықпал етеді.

28.02.2025