Сөздәйектер галереясы
Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті
Check out - Өзіңізді тексеріңіз!
28.02.2025 жылы № 2 ҚК-де Алғыс айту күніне орайластырылған «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары В.Н.Мальвенов, М.И.Әлиева және 7 курс дәрігер-интерндері ұйымдастырған қайырымдылық акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты - университет оқытушылары мен студенттерінің денсаулық жағдайын бағалауға көмек көрсету, медицина қызметкерлерінің эмпатиялық қасиеттерін дамыту. Барлық ниет білдірушілер қан қысымының деңгейін тексеріп, дене салмағының индексін, қан глюкозасының деңгейін анықтап, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану бойынша маңызды сұрақтар қойды.
Акцияға қатысушылардың тілектерін ескере отырып, медицина факультеті осындай іс-шараларды өткізу бойынша жұмысты жалғастырады.
