Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Әзірбайжанға ресми сапар

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов бастаған қазақстандық делегация Бакуге ресми сапармен барды. Оның құрамына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен еліміздегі 22 жоғары оқу орнының өкілдері кірді. Сондай-ақ, делегация қатарында Қозыбаев университетінің командасы да бар. Қазақстан мен Әзірбайжан арасында жоғары деңгейде орнатылған достық қарым-қатынас әзірбайжан университеттеріндегі әріптестермен келіссөздер жүргізуге және ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспарларын жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзірбайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевтың қатысуымен «Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысу академиялық әріптестікті дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды. Мұнда елдеріміздің жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастығы, бірлескен бағдарламалар мен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың маңызды мәселелері көтерілді.

Қазақстан Республикасы Жоғары білім министрлігі мен Әзірбайжан Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы арасында ғылыми басылымдардың бірлескен тізбесін бекіту туралы қол қойылған келісімнің арқасында:
- екі елдің ғалымдары , бірлескен ғылыми журналдар мен басылымдарда жариялаудың бірегей мүмкіндігіне ие болады;
- ғылыми гранттар мен жобаларды сараптау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда;
- білім алмасу ауқымы айтарлықтай артып келеді.

Біздің университет Баку Инженерлік Университетімен (BMU) меморандумға қол қойды. Бұл университет еліміздегі техникалық білім беру саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Келісім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қамтиды. Сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен және қызметкерлермен алмасу, оқытудың инновациялық әдістері туралы ақпарат, бірлескен ғылыми жобалар, симпозиумдар, конференциялар мен курстар ұйымдастыру, серіктестік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және оқу сапарларын өткізу кіреді.

Бір күн бұрын Баку инженерлік университетінде болдық. Ректор Ягуб Пириев, елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа, сондай-ақ Әзірбайжан мен Қазақстан президенттерінің басшылығымен саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың дамып келе жатқанына ерекше тоқталды. Келіссөздер достық және сындарлы жағдайда өтті. Қозыбаев университетінің студенттерді дайындаудың негізгі бағыттары мен ғылыми әлеуеті туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп, ынтымақтастыққа көңіл бөлдік. Әлеуетті бірлескен жобалар да талқыланды. Кейін біз BMU-дың жаңа аудиторияларымен және заманауи ТехноОрталығымен таныстық. 

04.03.2025