Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Заң студенттеріне арналған жаңа мүмкіндіктер

Қозыбаев университетінің кітапханасында Әскери прокуратура бұрышы ашылды. Оқу ордамызға құқықтану саласындағы мамандарды дайындауға қажетті кітаптар, журналдар, әдістемелік әдебиеттер сыйға тартылды.

«Біз бұл аймақты болашақ заң факультетінің студенттері мамандық таңдау кезінде әскери сала туралы ақпарат алу үшін ашып отырмыз. Осылайша олар, әдебиетпен танысады. Болашақта кітапхананы жаңа кітаптармен толықтырамыз. Студенттер үшін есігіміз әрқашан ашық, олар бізге келіп өндірістік тәжірибеден өте алады», - деді Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры Рауана Баймұханова.

Сондай-ақ, бұл күні Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының және СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді.

«Бұл іс-шара, біздің студенттерге прокуратура өкілдерімен кездесіп, сұрақтарын қоюға мүмкіндік береді. Біздің университет ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Қазіргі уақытта 270-ке жуық студент құқық қорғау және прокуратура органдарында өндірістік тәжірибеден өтті»,- деді ТЭҚФ деканы Зәуре Қартова.

06.03.2025