Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Стратегиялық серіктестер Кеңесінің отырысы

Қозыбаев университеті өзінің стратегиялық серіктесі-Аризона университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы стратегиялық серіктестер Кеңесінің бірінші отырысына қатысты. Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының, шетелдік университет филиалдарының, шетелдік ұйымдардың, академиялық және сарапшы қоғамдастықтың жетекші өкілдері қатысты.

Отырыс Study in Kazakhstan бастамасы аясында, қазақстандық жоғары білім жүйесін халықаралық аренада ілгерілету мен 2025-2029 жылдарға арналған стратегиялық серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын талқылау алаңына айналды. Қатысушылар трансұлттық білім берудің рөлі, жоғары оқу орындарын қаржыландыру моделін жетілдіру, бірлескен білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету және ілгерілету туралы пікір алмасты.

Министр Саясат Нұрбек Қазақстанның халықаралық білім беру хабы ретіндегі ұстанымын нығайту үшін серіктестермен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Times Higher Education өкілі Фил Бэтидің айтуынша, қазақстандық университеттер жаһандық рейтингтерге белсене қатысып, көрсеткіштерін жақсарту қажет. Ал «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы шетелдік студенттер мен ғалымдарды жан-жақты қолдауға бағытталған «Study in Kazakhstan» платформасын ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша Кеңестің 2025 жылға дейінгі жоспары бекітіліп, университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. ли

Қозыбаев университеті мен Аризона университеті кеңеске қатысу арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға  және академиялық серіктестікті дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

07.03.2025