Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Әйелдер университетіміздің жүрегі»

Бүгін университет ең жылы,махабатқа толы кешті мерекеледі! Оқу корпустарының фойесінде студенттік ұйымдардың белсенділері, барлық әйелдер қауымын қошеметпен, құттықтаулармен қарсы алды. Бірінші ғимаратта Халықаралық әйелдер күніне арналған фотоаймақ, дәстүрлі концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өнерпаздар талантты өнерлерімен қатар, жиналған барлық аруларға қызғалдақ гүлдерін сыйға тартты.

Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев нәзік жандыларды құттықтады.
«Әйелдер университетіміздің жүрегі. Сіздердің, қажырлы еңбектеріңіз бен адал қызметтеріңіз, даналықтарыңыз университет жұмысын нәтижелі әрі мағыналы етеді. Сіздер ең қиын уақытта қолдау көрсетуді, үлгі болып, басқаларға қуаныш сыйлауды білесіздер. Біз сіздердің бойларыңыздағы керемет қасиеттерге тәнті боламыз. Осындай жүрегі жылы, нәзік жандар, әрдайым бақытты болуға лайықсыздар!» деп атап өтті ректор.

Дәстүр бойынша марапаттау рәсімі өтті. СҚО әкімінің құрмет грамотасын «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы Алма Әубәкірова алды, сонымен қатар, «Герман-роман филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Людмила Саленконы осындай Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ , 50-ге жуық қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер Басқарма Төрағасы – Ректордың Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Оқушыларға арналған Ашық есік күні аясында өткен бейнероликтер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы құттықтады. Бұл Ксения Старицына (3 орын), Диляра Агишева (2 орын), Анастасия Портянкина (1 орын).

Концерттік бағдарлама ыстық ықыласпен, ілтипатқа толы болды. Қымбатты әйелдер қауымы! Көктем сізге тек бақыт әкелсін, армандарыңыз орындалсын! 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

07.03.2025