Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Бішкекте өткен халықаралық білім беру көрмесіне қатыстық

Бішкекте өткен Begin Edu Fair халықаралық білім беру көрмесінде 13 елдің 27 жетекші университет өкілдерінің қатарында Қозыбаев университетінің командасы болды. 1000-нан аса қырғызстандық мектеп оқушылары мен колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсу, қабылдау комиссияларының жұмысы туралы білді. Сондай-ақ беделді университеттердегі білім беру бағдарламаларының тұсаукесеріне қатысып, жеке кеңестер айтылды.

Білім алушыларды Аризона университетімен бірлескен бағдарламалар арқылы қазақстандық және американдық екі диплом алу мүмкіндігі қызықтырды. Жиі қойылатын сұрақтар арасында: оқу ақысына жеңілдіктер, гранттардың болуы, жатақханада тұру, виза алуға көмек және т.б. Нәтижесінде 100-ге жуық адам өз мәліметтерін қалдырып, Қозыбаев университетіне оқуға түсуге ниет білдірді.

Begin Edu жәрмеңкесі университетімізді тиімді таныстыруға, талапкерлердің негізгі сұрақтарына жауап беруге және олардың білім беру қажеттіліктері туралы маңызды ақпаратты жинауға мүмкіндік берді.

 

13.03.2025