Университетте медицина саласындағы түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға 20-дан астам медициналық мекеме ұсынылды. Бұл жас мамандар үшін жұмыс талаптары, шарттарымен танысып, маңызды іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.Айтып өткен жөн, біздің университет 2018 жылдан бастап медицина саласы бойынша мамандарды даярлауды бастады. Бүгінде 350 студент пен интерндер білім алады. Биыл университетті 60 болашақ жалпы тәжірибелік дәрігер мен 4 фармацевт бітіреді.
Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев жәрмеңкенің барлық серіктестері мен қатысушыларына алғысын білдіріп, МФ одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті. -Қозыбаев университеті толыққанды Симуляциялық орталық құру жұмысын бастады. Университет бюджетінен тиісті қаржы бөлінген. Біз дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасын бастаймыз. Курстарға қазірдің өзінде 70 жедел жәрдем дәрігері қатысуда. Магистратура бағдарламаларын да ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар,Аризона университетімен медицина бойынша қос дипломдық бағдарлама ашу туралы шешім қабылданды,-деп бөлісті ректор.
Бұл күні Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат СҚО-ның жоғары білікті медициналық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, «Денсаулық сақтау»(бакалавриат, магистратура, резидентура) саласындағы әріптестік қатынастарды дамытуға, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және басқаруға қатысуға, түлектерді жұмысқа орналастыруға, студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыруға бағытталған.
-Университетте медициналық мамандықтардың ашылуы өңірдегі денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндік болып табылады. Қазіргі уақытта оқу ордада жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін үздіксіз медициналық білім берудің жақсы құрылымдалған жүйесі жасалған,-деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Бижанов.