12-16 наурыз аралығында Өскеменде полиатлоннан жабық кешендегі Қазақстан Чемпионаты өтті. Қозыбаев университетінің командасы СҚО құрамасы сапында өнер көрсетті. Студенттеріміз жарыстан 5 медальмен оралды! ПФ студенті Никита Изотов екі алтын: бірінші 21-23 жас аралығында, екінші медалін абсолюттік чемпионатта жеңіп алды. Осылайша, Никита алтыншы рет еліміздің ең мықты көпсайысшысы атанды!
Сонымен қатар, осы сайыста біздің атақты полиатлетшіміз екі жеке рекорд орнатты: 2000 м-ге жүгіруде– 5 мин 38 сек және 100 м-ге жүзуде– 1 мин 02 сек. Төртінші курс студенті Арсен Хамзин 60 метрге жүгіруде қола жүлдегер атанды. Біздің қыздар да жақсы нәтижелер көрсетті. Үшінші курс студенті Юлия Крец 60 метрге жүгіруден екінші орын алып, жеке рекорд орнатты. Ангелина Кудрявцева тұғырдың үшінші сатысында, Юлия Безушко төртінші болса, Данила Свиржевский бесінші, ал Аркадий Есман алтыншы орынға табан тіреді. Шәкірттерді Қазақстан чемпионатына атақты бапкеріміз «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Александр Владимирович Наумов дайындады.