KU студенттерімен биікке ұмтыл!/ Бізге қосылып,биікке ұмтыл!ЖОО-да жастар арасында волейболдан Студенттік спорт лигасының бірінші университетішілік кезеңі аяқталды.Оған факультеттерден 8 команда 70-тен астам спортшы қатысты. Ойындар үш күнге созылды.Бұл жарыстар университет командасын Түркістан қаласында өтетін волейболдан ҚР XIII жазғы Универсиадасына қатысу үшін іріктеу кезеңі болды.
ПФ лайықты жеңіске жетті!ИСТФ командасы екінші орын алды.АФ үшінші орынға ие болды. Тамерлан Адырбай (ПФ, ФКС-21-к тобы) үздік ойыншы деп танылды. Үздік шабуылшы атағын Александр Баймақанов (АФ, HРT (KZ-US)-23 тобы) жеңіп алды.Қыздар арасында да сайыс аяқталды. Мұнда ПФ волейболшылары жеңімпаз атанды. Екінші орын- АФ, үшінші орын- ТжӘИ. Студенттік спорт лигасы аясында әлі де жарысатын 6 спорт түрі бар. Олар сәуір айының соңына дейін өткізіледі.