Сөздәйектер галереясы
Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.
Факультет деканының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы
«М. Қозыбаев атындағы ҚМУ» КЕАҚ факультет деканының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
- Медицина факультетінің деканы - 1 бірлік
- Педагогикалық факультетінің деканы - 1 бірлік
- Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы – 1 бірлік
- Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы - 1 бірлік
- Инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің деканы – 1 бірлік
- Тіл және әдебиет институтының директоры – 1 бірлік
- Foundation факультетінің деканы - 1 бірлік
Лауазымға қойылатын талаптар - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, PhD философия докторы дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) 5-7 слайдтан аспайтын таныстыру түрінде факультетті дамыту стратегиясы.
Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаяны;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
7) 5-7 слайдтан аспайтын таныстыру түрінде факультетті дамыту стратегиясы.
Құжаттар жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде 2025 жылғы 28 наурыз сағат 16.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, № 2 оқу корпусы, № 219 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz
тел. анықтамалар үшін 36-94-68.