"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Александр Македонский

Ғылымның сыры- химияда

Қозыбаев университетінде химия пәнінен В.И. Евней Бөкетов ат. халықаралық студенттік онлайн-олимпиада өткізілді. Оған Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты.Олимпиаданың ашылуында Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев құттықтау сөз сөйлеп, студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін ғылыми жарыстардың маңызды екенін атап өтті.

Бұл іс-шара білім алушылар  үшін тәжірибе алмасу және университеттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайту алаңына айналды.KU командасы 3-орынға ие болды. Жеке біріншілікте HB-22 тобының студенті Валерия Астапова екінші болды. Құттықтаймыз!

18.03.2025