ЖОО-да белгілі ғалым, Ұлттық ғылым Академиясының академигі Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдығына арналған «Еліміздің көрнекті ғалымы» атты дөңгелек үстел өтті.
Евней Арыстанұлы Бөкетов– химия және металлургия саласындағы қазақстандық ғалым, жазушы, ақын, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1969), КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Түсті металлургиядағы жаңа процестердің физика-химиялық негіздерін әзірледі. Селен мен теллурдың химиясы мен технологиясын, молибден мен ренийді алу әдістерін жетілдіру, марганец кендерін кешенді өңдеу мүмкіндіктерін зерттеді.
Білім алушылар баяндама жасады. Олар Е.Бөкетовтың ғылымға қосқан үлесі, түсті металлургия, металдар экологиясы мен технологиясы саласындағы зерттеулері мен әдеби мұрасына тоқталды.