Қозыбаев университеті білім беру үдерісіне озық әлемдік тәжірибені енгізуге белсенді қатысуды жалғастырады. Бүгінгі таңдағы маңызды көрсеткіштердің бірі – трансұлттық білім беру болып табылады.
Maqsut Narikbayev University (Астана қ.) трансұлттық білім беру және Қазақстандағы халықаралық білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған форум өтті. Іс-шараны Британ кеңесі Ұлыбританияның сапаны қамтамасыз ету агенттігімен (QAA) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған еліміздің 60-тан астам университеті, Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрлігі, халықаралық агенттіктер мен британдық сарапшылар қатысты. Қозыбаев университетінің атынан Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының басшысы Асқар Қабыкенов болды.
Форумда интернационалдандыру саясатындағы жүйелі өзгерістер, Қазақстанда трансұлттық білім беруді дамыту және оның сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, трансұлттық білім беруді дамытуға қатысатын жоғары оқу орындары үшін нұсқаушы құжат болатын– ТҰБ сапасын қамтамасыз ету жөніндегі негіздеме таныстырылды.