Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
«Салауатты өмір бастауы - жарқын болашақтың кепілі» деген ұранды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры осы күнге арналған жыл сайынғы жолдауларында ұсынды. Биыл Дүниежүзілік денсаулық күніне 75 жыл толады.
Жыл сайын медицина факультетінің базасында әлеуметтік маңызды аурулардың: артериялық гипертензия, қант диабеті, семіздік факторларын анықтау бойынша Денсаулық күніне орайластырылған қайырымдылық акцияларын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бұл жолы бізге Петропавлдың «Іскер әйелдер альянсы» өкілдері мен Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері би флешмобын өткізді.
Медицина факультетінің деканы И.М. Стогниев және «Балалар үйінің» директоры С.Т. Кашенцева құттықтау сөз сөйледі.
Акцияның барлық қатысушылары атқарылған жұмыс үшін алғыстарын білдірді.
