"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Құттықтаймыз!!!

Ғылым декадасы аясындағы марапаттар
Қазақстан Республикасында 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, университетімізде 1-25 сәуір аралығында Ғылым декадасы ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара аясындағы ең маңызды оқиғалардың бірі – 9 сәуірде өткен Е.А. Бөкетовтың 100 жылдығына арналған «Жастар және ғылым – 2025: заманауи сын-қатерлер мен оларды шешудің ғылыми тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Бұл конференцияда университетіміздің жас ғалымдары мен ғылыми қызметке қызығушылық танытқан зерттеушілер марапатталды.
Педагогикалық факультеттен марапатталғандар:
Алексей Сергеевич Горохов («Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы) – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты;
Айтымова Әлия Муратовна («Бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD) және Уалиева Назым Толеубековна («Бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беру» кафедрасының доценті, PhD) – «Ғылымдағы серпіліс: жас көшбасшылар» марапатының иегерлері (екеуі де ғылыми жобалардың жетекші ғылыми қызметкерлері);
Аманжол Айлана Галюдинова (КДР-21 тобының студенті) және Сазонова Екатерина Викторовна (ППС-21 тобының студенті) – «Ғылымның болашағы: жас таланттар» номинациясы бойынша марапатталды.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен кәсіби өсу тілейміз!

11.04.2025