2025 жылғы 6-17 қаңтар аралығында «Шет тілдері» кафедрасының тәжірибелі оқытушылары «ҰБТ тапсырушыларға арналған дайындық курсы» (11 сынып оқушылары үшін) қысқы тіл мектебін өткізді. Сабақтар қала мектептері үшін оффлайн форматында оқушыларға ыңғайлы уақытта, сондай-ақ ауылдық мектептер үшін арнайы онлайн режимінде өткізілді. Грамматикалық тақырыптарды таңдау Ұлттық бірыңғай тестілеу тестілерінің контентіне негізделген. Күрделі тақырыптарға басымдық берілген, бұл кемшіліктерді жою және білімді толықтыру, сондай-ақ тестілеу рәсімін меңгеру үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.