Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Университет-өнеркәсіп» консорциумы: аймақ дамуының жаңа кезеңі

Бүгінде облыстағы жалғыз ЖОО өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындармен тығыз байланыс жасау қажет. «AVAGRO» ЖШС- еліміздегі кен орындарын өңдеуге, қорғауға арналған құрал-жабдықтарды шығаратын ірі компаниялардың бірі.

Қозыбаев университетінің ұжымы өндіріс орнын аралап, олардың атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Еліміздегі егістік алқаптарындағы барлық химиялық жұмыстардың тең жартысы AVAGRO компаниясының техникаларымен атқарылады. Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдарын химиялық қорғауға және минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған тіркемелі, өздігінен жүйеге қосылатын және аспалы бүріккіштер мен ыдыстары жобаланып, дайындалады. Кәсіпорын қызметкерлері шамамен 150 адамды құрайды. Олардың арасында Қозыбаев университетінің түлектері де бар.

Біз өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен Консорциум құру бастамасын көтердік. Жүйелі негізде құрылған мұндай ынтымақтастық СҚО үшін кадрлардың біліктілігін арттыруға және өндірістік экономиканы дамытуға қатысты тақырыптар бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі құрылған серіктестік алдағы уақытта өңіріміздің ғылымы мен экономикасын алға ілгерілететін бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз!

14.05.2025