Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ бос лауазымға орналасуға арналған конкурс туралы

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» КЕАҚ мемлекеттік сатып алу бөлімі жетекшісінің -1 бірлік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Лауазымға қойылатын талаптар - "Экономика және бизнес", "Қаржы", "Құқықтану" мамандықтарының бірі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 Лауазымға қойылатын талаптар - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, PhD философия докторы дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. 

Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) 5-7 слайдтан аспайтын таныстыру түрінде бөлімі дамыту стратегиясы. 

Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаяны;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

7) 5-7 слайдтан аспайтын таныстыру түрінде бөлімі дамыту стратегиясы.


Құжаттар жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде 2025 жылғы 31 мамыр сағат 16.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, № 2 оқу корпусы, № 219 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz 
тел. анықтамалар үшін 36-94-68.

21.05.2025