"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Абай Құнанбаев

Қозыбаев университетінің ұжымында +1 PhD докторы

География және экология кафедрасының аға оқытушысы Асель Бектемирова «География» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алды!

«Антропогендік әсер ету жағдайында Тобыл өзені алабының геожүйелерінің динамикасы: ҚР аумағында» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Асель Амангелдіқызы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантурасында оқыды.Ол Қозыбаев университетінде 8 жылдан астам жұмыс істейді. Антропогендік факторлардың әсерінен ландшафттардың жұмыс істеу және өзгеру ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстарды жүргізеді.

Асель Бектемированы шын жүректен құттықтаймыз! Сізге ғылыми жолыңызда жаңа биік белестер тілейміз!

31.05.2025