Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары бойынша қабылдау комиссияларының байланыс деректері жарияланды. Ақпаратта мекенжайлар, телефон нөмірлері, электрондық пошталар және ресми сайттарға сілтемелер көрсетілген.
Байланыс деректерімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар Егер сіз халықаралық университеттердің бірінің филиалына оқуға түсуді жоспарласаңыз, қабылдау комиссияларымен тікелей байланысқа шығуды ұсынамыз – мамандар құжаттар тізімі, қабылдау талаптары мен мерзімдері туралы өзекті ақпарат береді.
Барша талапкерлерге болашақ білім жолын таңдауда сәттілік тілейміз!