Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Біздің волейболшылар Универсиаданың қола жүлдегерлері!

Қозыбаев университетінің қыздар құрамасы өз шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты! Осы жолы Түркістан қаласында өтіп жатқан ҚР XIII жазғы Универсиадасы волейбол спортшыларын біріктірді. Ауқымды спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының мықты командалары қатысты.Біздің студенттер тартысты додада мүмкіндіктерін қалт жібермей  командалық рухты көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді!

24 қарсыласы бар жекпе-жекте қыздарымыз қола жүлдеге ие болды!Ойындар 29 мамыр мен 3 маусым аралығында өтті. Біз Қозыбаев университетінің спортшыларымен мақтанамыз! Волейболшылар мен жаттықтырушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз!

Естеріңізге сала кетейік, Қозыбаев университетінің атынан 78 студент ХІІІ жазғы Универсиадада спорттың 8 түрінен қатысады. Алдағы уақытта спортшыларымызды волейбол,шағын футбол, бокс, жүзу, еркін, грек-рим күресі және қазақ күресінен жарыстар күтіп тұр. Іске сәт!

04.06.2025