Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің атынан университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан бұрынғы ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың жұбайы Раушан Кеңбайқызының мезгілсіз дүниеден өтіп кеткені туралы суық хабарды қайғыра қабылдай отыра, марқұмның туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз.
Раушан Кеңбайқызын отбасы мен университет қауымдастығы үшін айрықша мейірім мен жан жылуын сыйлаған жан ретінде танимыз. Ол кісі өзінің адамгершілік, парасаттылық, жанашырлық және жақындарына деген шынайы қамқорлық қасиеттерімен ерекшеленді. Раушан Кеңбайқызымен араласқан әрбір адам оның жарқын бейнесін жүрегінде мәңгі сақтайды. Бұл – тек отбасы үшін ғана емес, оны танып-білген барша жұрттың орны толмас қайғы.
Раушан Кеңбайқызы жайлы жарқын естеліктер жанға жұбаныш, ал оның есімі — махаббаттың, адалдықтың және рухани асқақтықтың символы болып қала бермек. Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын. Қайғы жұтқан отбасына сабыр, төзім және күш берсін.