"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Жеңіс бізде!

ҚР ХІІІ жазғы Универсиада ойындарынан Қозыбаев университетінің балуандары алтын мен күміс әкелді. Грек-рим күресінен өткен жарыста спортшыларымыз тамаша өнер көрсетті.

97 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ислам Евлоев Азия чемпионы мен әлем Чемпионатының жүлдегерін жеңіп, жеңіс тұғырынан бірінші орынға шықты! Ислам бірнеше рет республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды, бүгінде әлем Чемпионатының жеңімпазы. 55 келіде Хамид Набиев екінші орынды жеңіп алды. Бұл жоғары нәтиже балуанымыздың табанды дайындығының көрсеткіші. 

Екі студент Қозыбаев университетінің «Дене шынықтыру және спорт» бағдарламасы бойынша білім алады. Жеңістеріңіз құтты болсын! Жаңа спорттық белестерді бағындыра беріңіздер!

11.06.2025