«Экономика» ББ түлегі Айкенов Тамерланды жоғары спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз!
2025 жылдың сәуірінде Тамерлан Марракештің 2025 параолимпиадалық атлетикадан әлем чемпионатына қатысты (Марокко, Солтүстік Африка). Жеңіл атлетикадан «Марракеш 2025» әлемдік Гран-При сериясының халықаралық жіктеу жарыстарының қорытындысы бойынша ол 200 м қашықтықта 1 орынды және 100 м қашықтықта 3 орынды иеленді.
2025 жылғы 13-17 Маусымда Тамерлан тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII спартакиадасына қатысты (Алматы облысы), онда үш қашықтықтан бірінші орын алды.