Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен «Химия ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша Бақытгүл Масалимоваға профессор ғылыми атағы берілді.
Бақытгүл Қабыкенқызы Қозыбаев университетінің химия және химиялық технология кафедрасында сабақ береді, химия ғылымдарының кандидаты. Профессор бағаналы табиғи сазбалшықтар негізінде белсенді компоненттері бар парафиндерді синтездік газға айналдыру үшін құрылымдық катализаторлар әзірледі. Жобаның нәтижелері ілеспе мұнай газдарын синтездік газға айналдыру үшін жоғары тиімді және арзан катализаторларды жасау арқылы Қазақстанның сутегі энергетикасы мен экологиясының мәселелерін шешуге бағытталған.
Бақытгүл Масалимова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2017» республикалық байқауының жеңімпазы, ҚР БҒМ жетекші ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, «ҚР ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталған. 2023 жылдан бастап Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.
Оның Scopus негізіндегі h-индексі– 7, Web of Science– 6, Google Scholar– 8 тең.Қазіргі уақытта ғалымдар тобының құрамында жобалармен жұмыс істейді (2025-2027):
1) «Синтез газ айналымы үшін кобальт құрамды катализаторды құру және оны зерттеу»;
2) «Этанолдың булы айналымы үшін перовскит құрылымды оксидті катализаторларды синтездеу және зерттеу».
Бақытгүл Қабыкенқызын құттықтаймыз! Оған одан әрі ғылыми жетістіктер тілейміз!