9 және 11 шілдеде грантқа үміткерлер шығармашылық емтихан тапсырды. Қатысуға 302 өтінім берілді. Болашақ дене шынықтыру және алғашқы АӘД мұғалімдері жалпы спорт түрлері бойынша дене шынықтыру нормативтерін орындады.
«Мәдени-тынығу жұмысы» және «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша білім алғысы келетін талапкерлер өздерінің музыкалық қабілеттері мен орындаушылық өнерлерін көрсетті. Емтихан тапсырушылар арасында домбыра, фортепиано, гитара және басқа да аспаптарды меңгерген балалар бар.«Дизайн» білім беру бағдарламасына түсушілер сызба салып, сурет жанрында дарындарын көрсетті. Болашақ журналистер эссе жазып, сұхбаттан өтті.
Маңызды! Биыл жоғарыда аталған бағыттар бойынша ақылы негізде білім алғысы келетін талапкерлерге тағы да шығармашылық емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі! Олар 12 және 14 тамызда қосымша өткізіледі.