Қозыбаев университетінің студенттері Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына (ҒЗЖ)жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық ғылымдар бағыттары бойынша қатысты.
Сондай-ақ біздің университетте келесі білім беру бағдарламалары бойынша 6 Республикалық ҒЗЖ жарыстар өтті:
* География
* Орыс тілі мен әдебиеті
* Мәдени-тынығу жұмыстары
* Музыкалық білім
* Робототехникалық және интеллектуалды жүйелер, аспаптық құралдар
* Физика және астрономия
Байқауға 75 студенттеріміз бен магистранттарымыз қатысып, 23 жүлделі дипломды жеңіп алды!
1 орынды:
• Едрисова М.А., Калкенова А.А., Пашковская И.Г. - «Музыка сабағында 1-сынып оқушыларының өзіндік жұмысына арналған шығармашылық дәптер құрастыру»;
• Тулебаева А.Д., Пильзак М.В., Болат М.Т. - «Жастардың бос уақытын ұйымдастыруда анимациялық бағдарламаларды енгізу»;
• Яковенко Е.Е.- «Петропавл қаласының урбанонимдерінің интерактивті картасы»;
• Зырянов Р.О. - «Сандық камералармен инфрақызыл астрономияның ғылыми, қолданбалы және білім беру аспектілері».
Біздің білім алушылар 8 екінші және 11 үшінші орынды иеленді. Студенттер мен ғылыми жетекшілерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа ғылыми зерттеулерге шабыт тілейміз!