Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Қозыбаев университетінің студенттері Astana Hub тегін Startup Academy курсына шақырылады
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ және Astana Hub халықаралық IT стартап технопаркімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан AI-Sana бағдарламасының екінші кезеңі аясында жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік бойынша базалық курстарды бітірген студенттерді оқыту жалғасады.
Барлық университет студенттері енді Astana Hub-тан Startup Academy тегін онлайн курсынан өтудің бірегей мүмкіндігіне ие.
Startup Academy – деңгейге қарамастан барлық мамандықтар бойынша студенттерге арналған білім беру бағдарламасы. Оның мақсаты – жастарды стартап экожүйесімен таныстыру, кәсіпкерлік ой-өрісін дамыту және жеке жобаларын іске қосудың заманауи тәсілдерін қолдануды үйрету.
Курс барысында студенттер меңгереді:
- идеяны ойлап табу және нарықты бағалау;
- минималды өнімді (MVP) құру;
- жобаны жылжыту мен дамытудың ең тиімді стратегиялары.
Бағдарламаға шамамен екі сағатқа созылатын 16 бейне дәріс кіреді, оларды ыңғайлы уақытта аяқтауға болады. Курсты аяқтау үшін 2-3 апта қажет. Тіркелу сілтемесі сайтта берілген.