Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Kozybayev University студенттері Astana Hub ұсынған Startup Academy тегін курсына шақырылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ғылым қоры" АҚ және Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірлесіп іске асыратын AI-Sana бағдарламасының екінші кезеңі шеңберінде жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік бойынша базалық курстардан өткен студенттерді  оқыту жалғасуда.

Енді жоғары оқу орындарының барлық студенттерінің Astana Hub ұсынған Startup Academy тегін онлайн курсынан өтуге бірегей мүмкіндігі бар.

Startup Academy-бұл дайындық деңгейіне қарамастан барлық мамандықтағы студенттерге арналған білім беру бағдарламасы. Оның мақсаты-жастарды стартап-экожүйемен таныстырукәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру және өз жобаларын іске қосуда заманауи тәсілдерді қолдануға үйрету.

 Курс аясында студенттер мыналарды біледі:

  • идеяны қалай табуға және нарықты бағалауға болады;
  • минималды өміршең өнімді (MVP) қалай құруға болады;
  • жобаны ілгерілету мен дамытудың қандай стратегиялары тиімді.

Бағдарламада жалпы ұзақтығы шамамен 2 сағат болатын 16 бейне дәріс бар, оны ыңғайлы уақытта аяқтауға болады. Курсты игеру үшін орта есеппен 2-3 апта қажет.

Тіркелу сілтемесі https://share.google/pzB6zVeOB7XW0zsfc сайтында болады.

21.08.2025