Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ: ЗЕРТТЕУШІ, АҒАРТУШЫ, ДӘУІР АДАМЫ» атты Халықаралық ғылыми форум
«Алматы Менеджмент Университеті» білім ұйымы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен,
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен, Ualikhanov University-мен бірлесе отырып және Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстары
әкімдіктерінің қолдауымен ұлы қазақ ғалымы-энциклопедист Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «ШОҚАН УӘЛИХАНОВ: ЗЕРТТЕУШІ, АҒАРТУШЫ,
ДӘУІР АДАМЫ» атты Халықаралық ғылыми форум өткізеді.
Өткізілу күні: 2025 жылғы 17–18 қазан
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 05.09.2025
