Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университетімізге Франция, Түркия, Пәкістан елдерінен шетелдік профессорлар келді

Доктор Антуан А. Окье Иналько университетінен (Париж) орыс тілінде тағылымдамадан өтуге келді. Ол Массачусетс штаты, Гарвард бизнес мектебінде бизнес экономикасы бойынша PhD дәрежесін алды. Айтып өткен жөн, биыл бізге Иналько университетінің өкілдері келді. Тіл-әдебиет, тарих, мәдениет салаларында бірлескен көптеген жұмыстар жоспарланған. Біз одан әрі тиімді серіктестікке үміттенеміз!

«Шетелдік ғалымдар» бағдарламасы бойынша Исламабад қаласындағы Каид-и-Азам университетінің профессорлары келді. Рифат Насим Малик - Пәкістанның ең үздік  ғалымдарының бірі, PCST (Пәкістан)  Қоршаған ортаны қорғау ғылымдары бойынша 1-ші орынға және Stanford/Elsevier List тізімінде 2021-2024 жылдардағы әлемдегі ең үздік 2% ғалымдардың қатарына кіреді. Ол қоршаған ортаны бағалау, мониторинг, экологиялық биология және экотоксикология, сонымен қатар қашықтықтан зондтау және ГАЖ технологиялары бойынша маманданған. Оның әріптесі, Каид-и-Азам университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессоры, биолог Шуджол Мулк Ханмен бірге  біздің университетте қыркүйек айының соңына дейін болады.

Бізге Түркияның Улудаг университетінен профессор Чепни Салих та келіп отыр. Педагогикалық факультеттің деканы, ғылыми Scopus журналының иесі. Бұл ғалымдарымыз үшін ғылыми басылымдардың үлкен болашағын ашады.

Түркиядан тағы бір профессор Эмин Атасой ынтымақтастық жолында  дәріс оқып, қазір Қозыбаев университетінің штаттық қызметкері атанды. Оның ұлы, жалпы тіл білімі бойынша философия докторы Исмаил Оркун Атасоймен бірге студенттерге, соның ішінде қос дипломдық бағдарламаларға білім береді. Олар ғылыми зерттеулермен де айналысады.Қозыбаев университетінің ұжымында Италия, АҚШ және Қытайдан келген оқытушылар да бар.

Шетелдік профессорлар өздерінің үлкен халықаралық тәжірибесімен бірлескен ғылыми зерттеулерге жаңа идеялар мен тақырыптар ұсынады. Мәселен , Аризона университетінің ғалымдарымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан күкіртті полимерлеу бойынша ауқымды жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауына ие болды. Кері вулканизация әдісін қолдана отырып, күкіртті (мұнай және газ өндіруде аз қолданылатын жанама өнім) бағалы полимерлер, пластмассалар мен композиттер және жаңа буын тыңайтқыштары ретінде өңдеуге болады. Жоба келесі жылы Қазақстанда жүзеге асады.

Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев мұндай халықаралық ынтымақтастықтың тек Қозыбаев университеті үшін ғана емес, еліміздің бүкіл солтүстік өңірі үшін де маңыздылығын атап өтті.

16.09.2025