Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Республикалық этнографиялық экспедиция

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағы  «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік-90 жыл» атты республикалық экспедиция ұйымдастырады. 

Мәденитеттанушы ғалымдар, қаламгерлар мен БАҚ өкілдерінен құралған алғашқы экспедиция сапарға шықты. Бұған дейін экспедициялық топ Батыс, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Абай облысы мен Шымкент қалаларын аралады. Бүгінде ауқымды жоба Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының демеушілігімен жүзеге асып отыр.

Осы жолы экспедиция мүшелерімен кездесу Қозыбаев университетінің алаңында өтті. Белгілі этнографтар студенттермен кездесіп, ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи мұраны дәріптеу және Зейнолла Сәніктің өмірі мен еңбектері жөнінде ой бөлісті. Негізгі мақсат-халық мұрасының жанашыры, этнограф-ғалымның ізбасарларының жаңа еңбектерін жинап, жарыққа шығару.

Осындай игі бастаманың басы-қасында жүрген Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов экспедиция жұмысының маңыздылығына тоқталды: «Рухани жолымыз сонау Маңғыстаудан бастау алады. Соның аясында Қазақстан жазушылар одағы 3 бағытта жұмыс істеп жатыр. Іс-шара барысында Солтүстік өңірінің мұражайларын, ескерткіштерін, сонау Мағжан Жұмабаевтың кіндік қаны тамған жер Сасықкөлге дейін аралап, таспаға жазылып жатқан дүниелерден деректі фильм шығарамыз. Болашақта сіздердің жоғары оқу орындарыңызда Зейнолла Сәнік атындағы атаулы аудтитория ашсақ деген ниет бар».

Нәтижесінде әр облыстағы ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жергілікті тұлғатанушылардың зерттеу еңбектері газет-журналда жарияланады. Келесі сапар Қостанай және Павлодар қалаларында жалғасады.

16.09.2025