Сөздәйектер галереясы
“Ұстаз” деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Болашақ маман үшін баға жетпес тәжірибе!
Жыл сайын біздің ЖОО студенттері Еуропада практикадан өтеді. Жаңа білім мен дағдыларды игеріп қана қоймай, ақы төленетін тәжірибеге ие болады.
Биыл университетіміздің 15 студенті LOGOe.V бағдарламасы бойынша ????????Германияның агроқұрылымдары мен экологиялық кәсіпорындарында және екі білім алушы Польшада тәжірибеден өтуге жолдама алды.
Бұл қожалықтардағы 6 айлық тәжірибе барысында, студенттер органикалық бал, тамақ өнеркәсібі, құс шаруашылығындағы технологияларды толық меңгеруге тікелей қатысады.
Тәжірибе барысында студенттер келесі салалармен танысады:
-дақылдарды өсірудің заманауи технологиялары
-Германиядағы фермерлік шаруашылықты ұйымдастыру қағидаттары
-су мен тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану жүйелері
-өнімділікті жоспарлау және өнім өткізу әдістері
-жеміс-жидек дақылдары мен орман алқаптарына күтім жасау
-Еуропа жағдайындағы агротехниканың ерекшеліктері
Мұндай білім және тәжірибе алмасу студенттерге кәсіби көкжиектерін кеңейтуге және болашақта әлемдік стандарттарға сай мансап құруға дайындалуға көмектеседі.
Студенттер бос уақыттарында саяхаттап, мәдени ескерткіштерді көріп, жергілікті мәдениетпен танысып, жаңа достар табады. Бұл тәжірибе еуропалық фермерлердің жұмысымен, органикалық өндірістің заманауи тәсілдерімен егжей-тегжейлі танысуға зор мүмкіндік.
Олар күн сайын жаңа білім жинап, Қазақстандағы аграрлық саладағы болашақ жұмыстарына шабыттанады!